#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Йемен әуежайында министрлер ұшып келген кезде жарылыс болды

Оңтүстік Йемендегі Аден әуежайына Сауд Арабиясынан үкіметтік делегация ұшып келген кезде қатты жарылыс болды.

Оңтүстік Йемендегі Аден әуежайына Сауд Арабиясынан үкіметтік делегация ұшып келген кезде қатты жарылыс болды. Салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар, — деп хабарлайды ADYM.KZ РИА Новости cілтеме жасап.

«Қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар, бірақ министрлер бұл кезде ұшақта болған, олар жарақат алған жоқ», — деді дереккөз.

Оның айтуынша, барлық министр Адендегі үкімет сарайына жеткізілген.

Желтоқсанда Йемен президенті Абду Раббу Мансур Хади 24 министрден тұратын жаңа үкімет тағайындаған болатын. Оның құрамына Йемен оңтүстігінің бөлінуін жақтайтын Оңтүстік Йемен өтпелі кеңесінің бес өкілі кірген.

30 желтоқсанда Эр-Риядтан Аденге жаңа үкімет барған. Аден қазір Йеменнің халықаралық деңгейде мойындалған уақытша астанасы саналады.

Соңғы жаңалықтар