#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан: «Nur Otan» партиясы фермерлерге арналған субсидия көлемін арттырмақ

«Nur Otan» партиясы ауыл шаруашылығын дамытуға басымдық беріп отыр.

Әсіресе, Түркістан облысын аграрлы өңір ретінде түлетудің маңызы зор. «Nur Otan» партиясы атынан облыстық мәслихатқа үміткер Нұржан Аширов Сарапхана ауылдық округіне қарасты Талдыбұлақ елді мекенінің тұрғындарымен кездесуде осылай деді.
Үміткер жетекші партияның кәсіпкерлікті қолдау, ауыл шаруашылығын дамыту бойынша нақты жоспар түзгенін, ол бағдарлама зерттеліп барып жасалғанын жеткізді.
Мәселен стратегиялық инвесторлардың қатысуымен 350 мың фермерлік және үй шаруашылықтарын қатыстыра отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін (ет, сүт, астық, майлы дақылдар, жемістер, көкөністер және қант) өндіру және қайта өңдеу бойынша 7 ірі экожүйе құрылады. Жалпы АӨК-те 380 инвестициялық жоба іске асырылады. Ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға тартудың жаңа формалары әзірленеді. Оның жалпы алаңын 2,2 млн. гектарға дейін жеткізе отырып, 600 мың гектар жаңа суармалы жерді игеріліп, қосымша 70 мың отбасылық шаруашылық құрылмақ.
Субсидиялау жүйесі жаңарады. Субсидиялау көлемінің өсуі есебінен ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу 1,5 есеге, минералдық тыңайтқыштарды сатып алу 1,4 есеге, жоғары сапалы тұқымдарды сатып алу 1,2 есеге ұлғаяды. Сондай-ақ жыл сайын егістікті тиімді өңдеу үшін өсімдіктерді қорғау құралдарын сатып алуға жұмсалатын шығындардың 50%-і субсидияланады.
Нұротандық үміткер Қазығұрт ауданындағы бірнеше ауылда, шаруа қожалығында болып, осы мәселелерді түсіндірді. Жұртшылық «Nur Otan» партиясының ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі бастамаларын жоғары бағалады.
«Nur Otan» партиясына дауыс беріңіз! Жеңімпаздар қатарында болыңыз!

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі
Материал «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық сайлау қоры қаржысы есебінен жарияланды

Соңғы жаңалықтар