#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Алматы әкімдігі тұрғындарға үндеу жасады

Алматының мониторингтік топтары карантин шараларының сақталуын тексеру бойынша түнгі іс-шаралар өткізуде.

Алматының мониторингтік топтары карантин шараларының сақталуын тексеру бойынша түнгі іс-шаралар өткізуде, деп хабарлайды ADYM.KZ  Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.

Алматы әкімдігінің хабарлауынша, қала әкімнің тапсырмасы бойынша мониторингтік топтар жұмысын күшейтілген режимде жалғастыруда.

Мақсаты – коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу үшін санитарлық-эпидемиялық қауіпсіздік нормаларының сақталуын қамтамасыз ету.

Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 26.10.2020 жылғы № 64 қаулысына сәйкес:

  • ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, мерекелік, естелік іс-шараларды  оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды үй-жайларда және ашық ауада өткізуге тыйым салынады;
  • ал 25 желтоқсаннан 5 қаңтарға дейін – барлық ұйымдар мен мекемелерде жаңа жылдық іс-шараларды өткізуге, сондай-ақ аниматорларды («Аяз Ата, Ақшақар және) шақыру бойынша агенттіктердің жұмысына тыйым салынады;
  • ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік, түнгі клубтар мен ойын клубтары, боулинг-орталықтар, балалардың спорттық және ойын алаңдары мен аттракциондары, батуттар, корттар және басқа да жабық үй-жайлардағы), сондай-ақ букмекерлік кеңселер мен лотоклубтарға баруға тыйым салынған.

Айта кету керек, Алматы қаласындағы эпидемиялық ахуал күрделі жағдайда тұр. Жыл басынан бері аумақта коронавирустық инфекцияның 17 995 жағдайы тіркелді.

Алматы әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын белгіленген  талаптарды сақтауға және көпшілік жиналатын орындарға, әсіресе қызметіне тыйым салынған мекемелерге барудан бас тартуға шақырады.

Карантиндік шараларды бұзғаны үшін заңды тұлғаларға да, жеке тұлғалар да жауапкершілік қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар