Кездесу барысында жергілікті жұртқа «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, алдағы бес жылдық жұмыс жоспары баяндалды. Шымкент қалалық маслихат депутаттығына үміткерлер тұрғындарды «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды. Өз кезегінде, елді мекен халқы өздерінің көкейде жүрген сауалдарын да жолдады.
Мұндағы жұрт, жарықтың жиі сөнуі және ауыз су бағасының қымбаттығын жеткізді. Үміткерлерге үміт артқан тұрғындар осыларды шешіп беруін сұрады. Айтылған мәселелердің барлығы тізімге алынып, алдағы уақытта шешімін табатыны жеткізілді. Жалпы кездесуге келген тұрландықтар «Nur Otan» партиясын қолдайтындарын айтты.
«Nur Otan» партиясы Шымкент қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді.