Облыс әкімінің өкімімен Түркістан облысы мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы болып Натбаев Ғазизбек Иманбекұлы тағайындалды.
Ғ.Натбаев — 1978 жылы Шымкент қаласында туған. Білімі жоғары, мамандығы бойынша заңгер.
Еңбек жолын 2001 жылы ОҚО Мақтаарал аудандық әкімдігі қаржы бөлімінің бас маман-бас заңгер кеңесші қызметінен бастаған. ОҚО қаржы және коммуналдық меншік департаментінің бас маманы, Шымкент қаласы әкімі аппараты заң бөлімінің бас маманы, басшысы қызметтерін атқарған.
2011 — 2017 жылдары аралығында Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі, облыстық құрылыс басқармасы бөлім басшысы, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім басшысы, ОҚО кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары, ОҚО мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары лауазымында еңбек еткен.
2018 жылдан бастап қазірге дейін Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.