Қарулы Күштердегі жаңа оқу жылы «Ұлы дала әскері – Тәуелсіздік тірегі!» ұранымен өтеді. Әскери бөлімдер мен мекемелердің бірінші басшылары өткізген мемлекеттік-құқықтық дайындық жаңа оқу кезеңінің алғашқы сабағы болды, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.
Апта бойы барлық әскери бөлімдер мен мекемелерде өткізілетін тактикалық-арнайы сабақтар ақпараттандыру жүйесінің сапасын, штабтардың үйлесімді жұмысын тексеруге, басқару органдарының, құрамалар мен әскери бөлімдердің өзара іс-қимыл деңгейін жетілдіруге бағытталады.
Қарулы Күштердің басшылығы оқу жылының басталуында барлық мәселелерді толық пысықтау қажеттігі туралы нұсқаулар берді. Пандемиямен және карантиндік іс-шаралармен байланысты шектеулер жағдайында бөлімшелердің қызметіне баса назар аудару керек.