#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан облысында көкпар бергендер жазаланды

Дереккөз мәліметінше, Төлеби аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері рейд іс-шаралары кезінде ауылдардың бірінің маңында көкпар бергендерді анықтады.

Түркістан облысында көкпар бергендер жазаланды, — деп хабарлайды ADYM.KZ  Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Дереккөз мәліметінше, Төлеби аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері рейд іс-шаралары кезінде ауылдардың бірінің маңында көкпар бергендерді анықтады. Тәртіп сақшылары көкпар бергендерді тоқтатып, олармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, үйлеріне таратқан.

«Іс-шараны ұйымдастырушыға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы («Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу») бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жиналған материалдар заңды шешім қабылдау үшін тиісті құзыретті органдарға жіберілді. Нәтижесінде көкпар берген Төлеби ауданының тұрғынына 30 АЕК (83 340 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салынды», — делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар