Қазақ-қырғыз шекарасындағы кеден бекеті жабылады, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Дереккөз мәліметінше, 2021 жылдың 1 наурызына дейін қырғыз-қазақ шекарасындағы «Қарқыра-автожол» – «Кеген-автожол» бақылау-өткізу бекеті уақытша жабылады.
Яғни жеке тұлғалар мен көліктер қозғалысына тыйым салынады. Бұл ауа райының қолайсыздығы мен төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында қолға алынып отырған шара дейді шекара қызметіндегілер.