#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: үш адам жансақтау бөлімінде

Нұр-Сұлтанда дәмханадағы жарылыстан кейін үш адам жансақтау бөлімінде жатыр.

Нұр-Сұлтанда дәмханадағы жарылыстан кейін үш адам жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер айтты, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Басқармадағылардың мәліметінше, олардың бірі аса ауыр жағдайда жатса, екеуі ауыр жағдайда.

№ 1 және №2 көпсалалы ауруханаларға барлығы 23 адам жатқызылған. Ал амбулаторлық ем алуға жеңіл жарақатпен 11 адам жіберілген.

«Негізінен науқастар түрлі дәрежедегі термиялық күйіктермен, орташа деңгейдегі улы газдан уланумен, жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Бір науқас жамбас сүйегінің жабық сынуымен травматология бөлімінде жатыр. Қалғандары комбустиология бөлімінде. Олардың жағдайы орташа ауыр, асқынусыз», — деді ведомстводағылар.

Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Еске салайық, 21 қарашада Нұр-Сұлтандағы танымал дәмханада газ баллоны жарылған болатын. Салдарынан асүй бөлмесіндегі шатыр опырылған. Жарылыстан ғимаратта болған әйел ауруханада көз жұмды. 35 адам жарақат алып, 23 адам ауруханаға жатқызылды. Қала әкімі Алтай Көлгінов марқұмның отбасына көмек көрсетілетінін айтты.

Соңғы жаңалықтар