#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Алматыда арнайы операция жүргізілді

Алматылық полицейлер есірткі зертханасын жою бойынша арнайы операция өткізді.

Алматылық полицейлер есірткі зертханасын жою бойынша арнайы операция өткізді, — деп хабарлайды ADYM.KZ  Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Үш күдікті — 26, 24 және 23 жастағы ер адамдар ұсталды. Оларды ұстау бойынша арнайы операция 18 қарашада өткізілген.

«Кешкі сағат жетілерде Абай даңғылында Hyundai көлігі тоқтатылды. Көлікте екі адам отырған. Олардың бірінен «мефедрон» есірткісі алынды. Күдіктілердің бұл есірткі түрін үйінде Жетісу ықшамауданында жалдап тұрып жатқан пәтерінде дайындайтыны анықталды. Олар есірткінің барлығын тоңазытқышта сақтаған болып шықты», — дейді полицейлер.

Олардың айтуынша, үшінші күдікті пәтерден табылған. Олардан барлығы 10 келі есірткі тәркіленгені айтылады.

Ұсталғандар қамауға алынды. Қылмыстық кодекстің 297-бабы («Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар