#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Ақтөбе облысында газ баллоны жарылып, 9 адам зардап шекті

Хромтауда газ баллоны жарылғаннан кейін үй құлады.

Хромтауда газ баллоны жарылғаннан кейін үй құлады, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

ТЖМ хабарлауынша, бүгін сағат 11.36-да Ақтөбе облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметіне Ақтөбе облысы Хромтау қаласында бір қабатты үйде өрт шыққаны, салдарынан газ баллон жарылғаны туралы хабарлама түсті. Хромтау ауданы өрт сөндіру бөлімінің 10 адамы және 2 техникасы оқиға орнына дереу жетті.

Өрт жалпы 90 шаршы метр жерді шарпыған. Жарылыс салдарынан үйдің қабырғалары құлады. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы ұйымдастырылды.

«Қабылданған шаралар нәтижесінде сағат 12.29-да өрт толықтай сөндірілді. Оқиға кезінде 9 адам, оның ішінде 3 бала зардап шекті (6, 7 жастағы және жаңа туған сәби, балалар күйік алмаған). Олар қазір Хромтау орталық ауруханасына дәрігерлерінің қарауында», — деді Уәли.

Соңғы жаңалықтар