Грузияның криминалдық полиция қызметкерлері есірткіні заңсыз өндіру мен сатудың бұрын-соңды болмаған схемасын анықтады, — деп хабарлайды ADYM.KZ Sputnik Грузия cілтеме жасап.
Жергілікті ІІМ хабарлауынша, Тбилиси мен Батумиде кешенді тергеу шаралары жүргізілген. Жедел ақпарат негізінде Тбилисиде Қазақстанның 27 жастағы азаматшасы ұсталды. Тергеу мәліметтері бойынша, ұсталған адам түрлі химиялық заттар мен прекурсорлардан зертханалық жабдықты қолданып метедрон есірткісін жасаған, содан кейін оны Интернет арқылы сатқан.
Ұсталған адамды және уақытша тұрғылықты жерін, сондай-ақ әр түрлі жасырын жерлерді тінту кезінде 2,3 келі мефедрон тәркіленді. Сондай-ақ, есірткі өндірісіне қажетті химиялық заттар, прекурсорлар және тиісті зертханалық жабдық тәркіленген. Қара нарықта тәркіленген есірткі мөлшері шамамен 1,2 миллион лари (360 мың доллардан немесе 155 миллион теңгеден астам) болады.
Айыпталған қазақстандық алтыдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.