Астанадағы «Алания» түнгі клубының әкімшісі бірнеше рет карантин режимін бұзғаны үшін екі күнге қамауға алынды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
«Мобильді топ «Алания» түнгі клубында карантин режимі бұзылғанын анықтады. Бүгін түнде сағат 00:00-де нысанда адамдар демалып отырған.
Айта кетейік, қыркүйекте клубтың 25 жастағы әкімшісі бір күнге қамауға алынған болатын.