Алматыда Ұлттық ұланның әскери қызметкерлері тапанша ұстаған ер адамды ұстады, — деп хабарлайды ADYM.KZ Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.
11 қараша сағат 22.00-де кезекші бөлімге Медеу ауданындағы көшелердің бірінде қолында қаруы бар ер адам жүргені туралы хабарлама түседі.
Ұсталған орынға Медеу ауданы ПБ тергеу-шұғыл тобы шақырылған. Сол жерде 26 жастағы азаматтан екі газ және нөмірі өшіп қалған сигналдық тапанша тәркіленеді.