Қарағанды облысы Балқаш қаласында ғимарат құлап, салдарынан төрт адам зардап шекті, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
12 қарашада Балқаш қаласында Ленин көшесі бойында бос тұрған ғимараттың шамамен 360 шаршы метр қабырғасы қираған. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.
«Қабырғаның құлауынан іргелес ғимараттағы авто жөндеу шеберханасында 4 адам жарақат алды. Бұдан басқа, іргелес жұмыс істеп тұрған авто жөндеу шеберханасы цехының шатыры, терезелері, қабырғасы, сондай-ақ жабдықтар мен 3 жеңіл автокөлік зақымдалды.
Төрт ер адам авто жөндеу шеберханасының қызметкері, оларды дәрігерлер тексергеннен кейін үйлеріне жіберілді», — делінген хабарламада.
Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.