Қазақстанда тағы бір облыс «қызыл аймаққа» енді, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Премьер-министр Асқар Мамин ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысын өткізді.
Сонымен қатар барлық өңірде COVID-19-бен ауыру жағдайларының артқаны байқалады.
Дереккөз мәліметінше, вирустың репродуктив индексі республика бойынша – 1,2, инфекциялық төсек орындарының толтырылуы — 21 пайыз, реанимациялық төсек орындарының жүктемелігі — 17 пайыз.
Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары — қызыл аймақта, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары — сары аймақта.
Денсаулық сақтау министрлігіне:
Барлық медициналық қызметтердің орталық және өңірлік деңгейде сырқаттанушылықтың ықтимал өсу жағдайына толық дайындығын қамтамасыз ету;
Халықпен шектеу шараларын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізу;
Шекара қызметімен, өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, шетелдіктерге Қазақстанға кіру үшін берілетін денсаулық сақтау ұйымдарының шақыру құжаттарына бақылауды күшейту;
Әділет министрлігімен, әкімдіктермен бірлесіп, ҚР аумағында емделу үшін шетел азаматтарына шақыру беруге уәкілетті, өңірлердегі денсаулық сақтау ұйымдарының тізбесін айқындау тапсырылды.