#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Нұр-Сұлтандағы түнгі клуб карантинді 10 реттен көп бұзған

Нұр-Сұлтандағы түнгі клуб карантинді 10 реттен көп бұзған.

Нұр-Сұлтандағы түнгі клуб карантинді 10 реттен көп бұзған, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz  сайтына сілтеме жасап. 

Нұр-Сұлтан полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2020 жылдың 6 қарашасында бірқатар мекемелерге карантинді бұзғаны үшін айыппұл салынған.

«Сағат 22:50-де қызметін санитарлық нормаларды сақтамай жүзеге асырған «Анкара» түнгі клубы анықталды. Мекемеде 50-ден аса адам демалып отырған. Сол түні сағат 23:30-да мобильді топ «Сова» караоке-клубын анықтады. 40 клиент әлеуметтік қашықтық пен санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды ұмытып, көңіл көтеріп, ән айтып жүрген», — деп хабарлады ведомство өкілдері.

«Алания» түнгі клубы карантин шараларын 10 реттен көп бұзған. Бұл жолы мекемеде 100-ге жуық адам жүрген.

«Бұл мекемелердің иелері тыйымды елемей, адамдардың денсаулығына қауіп төндірді. Оларға қатысты жиналған материалдар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаты саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша әкімшілік жауапқа тартылулары үшін тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді», — деп толықтырды полициядағылар.

Мобильді топ тәулік ішінде 274 кәсіпкерлік нысанды тексеріп, карантин режимін бұзудың 25 дерегін анықтады.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті мекеме иелері мен келушілердің жауапсыз әрекеттері инфекцияның таралуына әкелетінін ескертеді. Карантин режимін бұзушылар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады.

Соңғы жаңалықтар