#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкентте 92 адам газдан уланған

Шымкент қаласында газдан улану жағдайы күннен-күнге артып отыр.

Шымкент қаласында газдан улану жағдайы күннен-күнге артып отыр. Қазіргі таңда көмір қышқыл газынан уланудың 92 оқиғасы тіркелген.
Бұл жөнінде бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов мәлімдеді.
— Таңертең улану бойынша қоңырау түсті. Өкінішке орай, газдан уланып 1 жасөспірім қаза болды. 2 адам ауыр жағдайда. Тұрғындардан үй жағдайында барынша қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұраймыз, — деді.
Сонымен қатар, басқарма басшысы үйдегі газ қондырғыларын арнайы мамандарды шақыртып тексертіп тұру қажеттігін айтты.
Қала тұрғындарының назарына!
Егер де, газ құрылғыларынан ақау анықталған болса немесе жағымсыз иіс шықса шұғыл 104 нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз.

Соңғы жаңалықтар