Ресейдің Челябі қаласындағы емханада оттегі қоймасы жарылды, — деп хабарлайды ADYM.KZ РИА Новости сайтына сілтеме жасап.
Өңірдің денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі ғимараттан 150 адам эвакуацияланғанын хабарлады. Олар жергілікті стадионның ғимаратына орналастырылды. Оқиға болған жерде өртсөндірушілер жұмыс істеп жатыр, зардап шеккендер жоқ.
«Оттегі баллондары сақталған шаруашылық қоймада өрт шықты. Нәтижесінде осы баллондардан жарылыс пайда болды. Зардап шеккендер жоқ», — деді төтенше жағдайлар қызметіндегілер.
Өңірлік денсаулық сақтау министрлігі аурухананың реанимациясындағы науқастар оттегімен қамтамасыз етілгенін атап өтті. Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын бағалап, қажет болған жағдайда оларды басқа ауруханаларға ауыстырады.
Өрт аумағы 50 шаршы метр. ТЖ орнында өртсөндірушілер жұмыс істеп жатыр.