#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Жамбыл облысында пандемиямен күреске бөлінген ақша жымқырылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері пандемияға бөлінген қаражатты жымқырды деген күдікке ілінгенін мәлімдеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері пандемияға бөлінген қаражатты жымқырды деген күдікке ілінгенін мәлімдеді, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жамбыл облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты пандемиямен күреске бөлінген бюджет қаражатын медициналық бұйымдарды жоғары бағамен сатып алу арқылы жымқыру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Осылайша мемлекетке 8 миллион 730 мың 560 теңге сома залал келтірілді», — деді Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Тергеу жалғасып жатыр.

Соңғы жаңалықтар