#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Коронавирус: Еуропа елдері жаппай жабылуы мүмкін

Еуропада коронавируспен ауырғандар саны көбеюіне байланысты бірқатар мемлекет тиісті шектеу шараларын қабылдауға көшті.

Еуропада коронавируспен ауырғандар саны көбеюіне байланысты бірқатар мемлекет тиісті шектеу шараларын қабылдауға көшті, деп хабарлайды ADYM.KZ baq.kz сайтына сілтеме жасап.  

Германия

Меркель жергілікті уақытпен сағат 15:00-де өңір басшыларымен бірігіп кеңес өткізеді. Оның нәтижесінде локдаун қайта енгізілуі мүмкін. Атап айтқанда театр, фитнес-орталықтар жабылады; Дүкенге келушілер саны шектеледі; Мейрамханалардан тамақты тек алып кетуге ғана болады; Әлеуметтік байланыстарға шектеу қойылуы мүмкін. Жергілікті БАҚ ақпаратына сүйенсек, мектеп пен балабақша әзір жабылмайды.

Италия

Жергілікті уақытпен сағат 16:30-да Конте Парламентте дүйсенбі күні енгізілген шектеу шаралары туралы есеп береді. Шектеу шараларына сәйкес мейрамханалар сағат 18.00-ден кейін жұмысын тоқтатады. Сонымен қатар театр, кино, тренажер залы, казинолар жабылады. Мектептердің 75%-ы қашықтан оқиды. Бұл шектеу шаралары 24 қарашаға дейін әрекет етеді.

Франция

Жергілікті уақытпен сағат 22.00-де Макрон үндеу жасайды. Ол 4 апталық локдаун енгізу туралы хабарлайды деп күтілуде. Бұдан бөлек басқа да шектеу шаралары қолданылуы мүмкін. Мәселен коменданттық сағат енгізу мерзімін созу. Өйткені қазір елдің 54 департаментінде сағат 21.00-ден 06.00-ге дейін комендаттық сағат тәртібі орнаған.

Айта кетейік, бүгін Ұлыбритания мен Италияда COVID-19 инфекциясы бар адамдардың өлімінің рекордтық көрсеткіші тіркелді. Бүгін 28 қазанда Ұлыбританияда мамыр айынан бастап COVID-19 инфекциясымен ауыратын адамдардың өлім-жітімінің рекордтық өсімі тіркелді. Жұқтырғандар ішінен 367 адам қайтыс болды. Сонымен қатар мұнда тәулігіне COVID-19 инфекциясының 22 мың 885 жағдайы анықталды.

Италияда бір тәулікте COVID-19 жұқтырған 221 адам қайтыс болды. Бұл 15 мамырдан бергі ең жоғары көрсеткіш. Сондай-ақ 27 қазанда коронавирус жұқтырған 21 мың 944 адам анықталды, бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 5 мың жағдайға көп.

Соңғы жаңалықтар