Қызылорда облысында ауыл тұрғыны карантинге қарамастан, көкпар ұйымдастырған, — деп хабарлайды ADYM.KZ Polisia.kz сайытна сілтеме жасап.
Дереккөз мәліметінше, Жаңақорған ауданы Екпінді ауылының тұрғыны карантин талаптарын сақтамай, шамамен 100 адам жинап, көкпар ұлттық ойынын ұйымдастырған.
Сондай-ақ, қызылордалықтардың карантинге қарамастан той өткізіп жатқаны белгілі болды.
24 қазанда Қызылорда қаласының 35 жастағы тұрғыны 60 адамды жинап, үйлену тойын өткізген. Ал 25 қазанда Арал ауданының тұрғыны баласының үйлену тойын жасап, 40-50 адам шақырған.
Осыған байланысты полицейлер бүкіләлемдік пандемияға байланысты қауіптің әлі сейілмегенін, сондықтан сақтық шараларын сақтау қажет екенін ескертеді.