«ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, вагондардың жолдан шығуы себептері мен жағдайлары анықталуда, деп хабарлайды ADYM.KZ baq.kz сайтына сілтеме жасап.
Жүк пойыздары мен жолаушылар пойыздары бойынша сағат 9.00-дегі ақпарат бойынша кешіктіріліп жатыр:
— Шымкент станциясы бойынша – № 34 «Ақтөбе-Алматы» пойызы, №76 «Қызылорда-Петропавл» пойызы (жеке тасымалдаушы), № 56 «Қызылорда-Көкшетау» (жеке тасымалдаушы);
— Қызылсай станциясы бойынша – №23 «Алматы-Ақтөбе» пойызы;
— Манкент станциясы бойынша – №11 «Алматы-Шымкент» пойызы.
Вагондардың жолдан шығуы себептері мен жағдайлары анықталуда.
Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте 13 вагонның жолдан шығып кеткендігі туралы хабарлаған болатынбыз.