#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

ПТР анықтамасы жоқ 245 жолаушы карантинге жіберілді

Қазақстанға ұшып келген 245 жолаушы карантинге жіберілді. Оларда ПТР анықтамасы болмаған.

Қазақстанға ұшып келген 245 жолаушы карантинге жіберілді. Оларда ПТР анықтамасы болмаған. Бұл туралы көліктегі бас санитар дәрігер Сәдуақас Байғабұлов айтты, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

2020 жылдың 18 қазанға қараған түні Қазақстанға 14 халықаралық әуе рейсі, 1 969 жолаушы, оның ішінде 1724 жолаушы анықтамамен, ал 245-і анықтамасыз келді, оның ішінде:

1) Нұр-Сұлтанда — 6 рейс, 852 жолаушы, 717 адам анықтамамен, 135 адам анықтамасыз келді;
2) Алматыда — 7 рейс, 981 жолаушы, 885 адам анықтамамен, 96 адам анықтамасыз келді;
3) Шымкентте — 1 рейс, 136 жолаушы, 122 адам анықтамамен, 14 адам анықтамасыз келді;.

Қазақстан азаматтарының 87 пайызы ПТР анықтамасын алған. Олар елге халықаралық әуе рейстерімен келген.

«ПТР анықтамасы жоқ 245 жолаушы екі күнге карантинге жіберілді. Олар Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында коронавирустың бар-жоғына ПТР-тестін тапсырады», — дейді Сәдуақас Байғабұлов.

Соңғы жаңалықтар