Өскеменде полицейлер есірткі өткізумен айналысқан фитнес жаттықтырушыны ұстады, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Күдікті қамауға алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Күдікті 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
«Жедел іздестіру іс-шаралары барысында оның есірткі сатқаны анықталды, ұстау кезінде күдіктіден 30 дозадан аса бір реттік марихуана тәркіленді», — деді ШҚО полиция департаменті басшысының орынбасары Талғат Шаяхметов.
Департамент мәліметінше, 2020 жылдың басынан бері ШҚО полицейлері 170 есірткі қылмысын анықтады, оның 141-і есірткі өткізуге қатысты. 222 келі түрлі есірткі тәркіленді, оның 3,7 келісі психотроптық заттар.