Бүгінде халықаралық рейстермен келген 150 жолаушы «Рамада Плаза» қонақ үйіндегі карантин стационарына оқшаулауға алынды, деп хабарлайды ADYM.KZ baq.kz сайтына сілтеме жасап.
5-нен 6 қазанға қараған түні елордаға шетелден 4 рейс келді. Екі ұшақ Біріккен араб әмірлігінен, қалғаны Түркия Республикасынан. Қалаға барлығы 483 адам шетелден ұшып келді, оның 333-і COVID-19 тестінен өткені туралы куәлікпен келді. Қалған 170 адам анықтамасыз әуежайдан ауруханаға жеткізілді. Олардың 150-і стационарға жатқызылған. Онда адамдар ПТР арқылы зертханалық зерттеулерден өтті. Олардың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық.
Мұндай шаралар бірінші рет өткізіліп отырған жоқ. Көктемде біз шетелден келетін жолаушыларды карантин стационарларына орналастырып, сараптама жүргіздік. Сондықтан бұл бағытта елорданың денсаулық сақтау саласы толық дайын. Жалпы, халықаралық рейстер жолаушыларына 800 төсек-орын ұйымдастыруға дайынбыз, – дейді Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.