#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкент: Халыққа қызмет көрсету орталығында қариялар күні аталып өтілді

"Қариясы бар ел - қазыналы ел". Халықаралық қариялар күні қарсаңында Халыққа қызмет көрсету орталығына келген зейнеткерлерге тосынсый ұйымдастырылды.

«Қариясы бар ел — қазыналы ел». Халықаралық қариялар күні қарсаңында Халыққа қызмет көрсету орталығына келген зейнеткерлерге тосынсый ұйымдастырылды. Мамандар аталарымыз бен әжелерімізге гүл мен сыйлық үлестіріп, кезектен тыс сапалы қызмет көрсетті.
«Біздің ата-аналарымыз бен ата-әжелерімізден қымбат не болуы мүмкін? Біз олардың әрқашан сау болғанын және ешқашан қайғырмағанын қалаймыз. Басты назар сол кісілерде болады. Қарттар — біздің қазынамыз. Оларға көңілден басқа ештеңе қажет емес », — деді «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ Шымкенттегі филиалының баспасөз хатшысы Алтынай Татаева.
Мұндай іс-шара шаһардағы барлық фронт-кеңселерде күні бойы жалғасады. Еліміздің қанат жайып, өркендеуіне, ұрпағының жарқын келешегіне тілекші қарияларымыздың арамызда алаңсыз, аман-сау жүруі маңызды. Сондықтан қазыналы қариялармызды мерекелерімен құттықтап, мықты денсаулық тілейміз!

Соңғы жаңалықтар