Шымкент қаласында жеңілдетілген карантин режиміне сәйкес 28 қыркүйектен бастап қаладағы барлық театр өз көрермендері үшін қайта есігін ашты.
Бүгінгі таңда қалада 6 театр және 1 мәдениет үйі жұмыс жасайды. Жаңа маусымда қала тұрғындары мен қонақтарын түрлі премьераларымен қуантпақ.
Атап айтқанда, Өзбек драма театры 29-30 қыркүйек күндері «Әпендізада» комедиясын ұсынады. Ал Шымкент қалалық академиялық драма театрында 7-9 қазанда көптен күткен 87-ші театр маусымының шымылдығы түріліп, «Аманат» атты тамаша туындыларын дайындап отыр. Шымкент әзіл-сықақ және сатира театры XIII маусымының ашылуына орай У.Әбдіраймовтың «Карантиндегі қызықтар» атты сазды – думанды қойылымын тамашалауға шақыруда.
Айта өту қажет, санитарлық талап пен арақашықтықты сақтау үшін көрермен залы 50 адаммен шектеледі. Сондай-ақ медициналық бетпердемен келу міндеттеледі.