Шымкентте аудан әкімдері тұрғындарды онлайн форматта қабылдап, мәселелерін тыңдауда. Онлайн жүйеде айтылған шағымдар шешімін тауып келеді, деп хабарлайды Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы.
Таяуда Абай ауданына қарасты Яссауи көшесінің тұрғындары асфальт төсеу, ирригациялық жүйе және жалға берілетін пәтерлер мәселесі бойынша талап-тілектерін жеткізген болатын.
Абай ауданының әкімі Бұқарбай Парманов инфрақұрылым мәселелері бойынша тұрғындармен арнайы кездесіп, мұқтаждықтарын тыңдады.
Бұқарбай Рысқұлұлы көтерілген мәселелердің шешілу бойынша қолға алынған жұмыстардан хабардар етті. Сондай-ақ, оның уақытылы орындалуын тиісті бөлімдерге тапсырды.