#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан: Медициналық мекемелер COVID-19 инфекциясымен күрес үшін жабдықтар мен жедел жәрдем көліктерімен толықтырылды

Түркістан облысының медициналық мекемелері жаңа жедел жәрдем көліктерін пайдалануға алды.

Түркістан облысының медициналық мекемелері жаңа жедел жәрдем көліктерін пайдалануға алды. Бұған дейін облысқа пульсоксиметрлер және оттегі концентраторлары бар гуманитарлық жүк келген болатын.
Бұл көмек «Самұрық-Қазына» АҚ мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум аясында көрсетілді. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы қайырымдылығының бірыңғай операторы – «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қажетті жабдықтарды сатып алып, оларды өңірлерге жіберді. Осылайша Түркістан облысына 5 оттегі концентраторы, 50 пульсоксиметр жеткізілді. Сондай-ақ, облысқа Shevrolet Damas маркалы 8 жедел жәрдем көлігі келді.
«Қазығұрт аудандық орталық ауруханасына «Самұрық-Қазына» АҚ-мен жедел жәрдем көлігі мен медициналық құрал-жабдықтар берілді. Біздің еліміздегі пандемияға байланысты қиын кезеңдерде көрсетілген қолдау үшін алғысымды білдіргім келеді. Мен және менің әріптестерім үшін халқымыздың денсаулығы үшін күрес – басты парыз. Біз вируспен күресуді одан әрі жалғастырамыз», — деді Түркістан облысы Қазығұрт аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Елдос Сұлтанов.
Айта кетейік, мұндай жиынтықтарды әрбір облыс, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалалар алады. «Бұл шаралардың барлығы біздің медицинамыздың жұқпалы аурулармен, соның ішінде COVID-19 коронавирустық инфекциямен күресуге дайындық деңгейін арттыруға және ұлттық денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға бағытталған», — дейді «Samruk-Kazyna Trust» Қорының ресми өкілі Мирас Іргебаев.
Еске сала кетейік, Меморандум аясында республикамыздың Денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастыруға 100 жедел жәрдем көлігі, 1 000 оттегі концентраторы, 50 ӨЖЖ аппараты, 1 000 пульсоксиметр жеткізілетін болады.

Соңғы жаңалықтар