#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Кентауда алманың ерекше түрлері өсірілуде

Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында, ауыл тұрғыны Оразбай Бабаханов жемістің түр-түрін өсірумен айналысады.

Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында, ауыл тұрғыны Оразбай Бабаханов жемістің түр-түрін өсірумен айналысады. Бүгінде 7 гектар жерге жемістер егіп отыр. Бау-бақшада басымдық алмаға берілген. Бүгінде мұнда алманың 10-ға жуық сорты бар. Сонымен қатар өрік, жаңғақ, шабдалы, алмұрт өсіп тұр.
Жалпы жылына 40 тонна өнім алады. Ерекше күтімді қажет ететін жемістерге арнайы тыңайтқыштармен баптайды. Шаруалар жеміс түрлерін будандастыру арқылы ерекше сорттарын өсіріп отыр. Жаздық жемістер ойдағыдан да мол болды деген шаруа, күздік науқаннанда еселеп өнім алатынына сенімді.
Бүгін де Кентау қаласында алма бау-бақшасымен қарқынды айналысатын шаруалар көбейіп келеді. Ерекше сорттағы алмаларға Қазақстанның шалғай өңірлерінен тапсырыстар көптеп түсуде. Енді шаруа жер көлемін ұлғайтып қарқынды бауды ұлғайтуды көздеп отыр.

Соңғы жаңалықтар