#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкентте екі гүлзар қайта жаңарды

Шымкент қаласындағы Д.Қонаев даңғылы мен Ғ.Иляев көшесінің қиылысындағы, Д.Қонаев даңғылы мен Түркістан көшесінің қиылысындағы гүлзарлар қайта жаңа кейіпке енді. Мұнда күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, халық игілігіне пайдалануға берілді, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуші бас мердігер — «Шымкент Жасыл қала» ЖШС компаниясы. Жалпы 2 279 шаршы метр аумаққа плиталық төсеніштер төселіп, 4 670 шаршы метр жер көгалдандырылды. Сондай-ақ, гүлзарларға жаңа үлгідегі жарықшамдар, ыңғайлы орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылды.

Соңғы жаңалықтар