#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан облысының ауыл шаруашылық жәрмеңкесі Нұр-Сұлтан қаласында өтуде

Осы аптаның демалыс күндері «Хан-Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының жанында Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Түркістанның ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткіп жатыр.

Осы аптаның демалыс күндері «Хан-Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының жанында Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Түркістанның ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткіп жатыр.
Жәрмеңкеде 447,2 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері нарықтық бағадан 15 – 20 пайызға төмен бағада қала тұрғындары мен қонақтарына ұсынылуда. Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Н.Бадырақовтың айтуынша, 34 жүк көлігіне тиелген 267,7 тонна көкөніс, бақша, картоп, 29,5 тонна жеміс-жидектер, 72 тонна ет және ет өнімдері, 47,5 тонна сүт өнімдері, 10 тонна балық, 6 тонна әсел, 14,5 тонна жеміс шырыны мен консерві өнімдері өз тұтынушыларын күтуде.
Негізгі өнімдер бойынша Нұр-Сұлтан қаласында сиыр етінің нарықтағы орташа бағасы 2000 – 2100 тг/кг құраса, жәрмеңкеде 1700-1800 тг/кг., қарбыз, қауын 130-200 тг/кг. болса, жәрмеңкеде 75-100 тг/кг., көкөніс өнімдерінің орташа бағасы 150-200 тг/кг. болса, жәрмеңкеде 100-150 тг/кг. қала тұрғындары мен қонақтарына сатылады.
Атап өтейік, елімізде наурыз айынан бері өтіп жатқан карантин режиміне қарамастан Түркістан облысы агроөнеркәсіп кешені саласында даму қарқыны тұрақты түрде жалғасуда.
Ағымдағы жылдың 7 айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімі 235,5 млрд.тг құрап, тиісті кезеңмен 23,8 млрд.тг артты. Республикада жалпы өнімнің 14,0 % Түркістан облысына тиеселі.

Соңғы жаңалықтар