#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Ұлы ақынның 175 жылдығына орай ақын атындағы білім ордасы ашылды

Жаңа оқу жылынан бастап Шымкентте халқымыздың ұлы перзенті Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «А. Құнанбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия мектебі» жұмысын бастайды.

Жаңа оқу жылынан бастап Шымкентте халқымыздың ұлы перзенті Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «А. Құнанбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия мектебі» жұмысын бастайды, деп хабарлайды Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялар орталығы.
Бұл жөнінде онлайн тамыз кеңесінде Шымкент қаласының білім басқармасының басшысы Ж. Тәжиева мәлімдеді. Дарынды балаларға арналған мектеп қалада орта білім беру саласын дамыту, білім сапасын жоғарылату мақсатында ашылып отыр.
Жалпы үшінші мегаполисте білім саласы «ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында өңірлік бағдарламамен жұмыс жүргізуде.
Шаһарда білім саласының ағымдағы жағдайына талдау жүргізіліп, мемлекеттік бағдарламада белгіленген нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша іс-шаралар жоспары бекітілген.

Соңғы жаңалықтар