#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Жыл басынан бері Сайрам ауданында 1800 тоннаға жуық ет экспортталған

Биыл Түркістан облысы нда 84 тонна қой еті мен 1638 тонна ірі қара мал еті экспортқа шығарылды.

Биыл Түркістан облысы нда 84 тонна қой еті мен 1638 тонна ірі қара мал еті экспортқа шығарылды. Жыл соңына дейін сайрамдықтар 500 тонна қой, 2 мың тонна ірі қара етін экспортқа шығаруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұдан бөлек ауданда соңғы 6 айда жалпы 14833 тонна ет, 73095 тонна сүт, 8950 мың жұмыртқа өндірілген. Бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда ет бағыты бойынша 107,9, сүт 112,7, жұмыртқа 105,5 пайызға артып отыр.

Сондай-ақ, ауданда төрт түлік саны да артып келеді. Мәселен, 2020 жылдың 6 айында 263 353 бас майда, ірі қара мал, оның ішінде 52 943 басы аналық, 82075 бас жылқы, 165 713 бас қой-ешкі, 132 456 бас құс тіркелген.

Мұнан бөлек, бүгінде ауданда 1012 мал бордақылау орындары жұмыс істеп тұр. Осы алаңдарда бір мезгілде 43 мың бас мал бордақылануда. Сондай-ақ, биылғы жылы аудан бойынша 10-15 бастық 118 шағын мал бордақылау алаңдарын ашу жоспарланса, 6 айда оның 109-ы іске қосылған. Сонымен қатар, ауданда сүт өндіру мақсатында 10-15 бастық 27 жанұялық сүт ауласы құрылған.

Аудан аумағында асыл тұқымды ІҚМ басын арттыруға бағытталған іс-шаралар негізінде Қарабұлақ ауыл округіндегі орналасқан «Зафар» шаруа қожалығы және жеке кәсіпкер «Раимкулов» шаруашылықтары шет мемлекеттен 212 бас асыл тұқымды аналық мал басын сатып алған.

Соңғы жаңалықтар