#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Волонтерлер мұқтаж отбасыларға көмек көрсетті

«Самұрық-Қазына» компаниялар тобының волонтерлері көп балалы және  мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, жалғыз басты қарт адамдарға азық-түлік жеткізді.

Нұр-сұлтан және Ақтау қалаларынан  85 отбасы «Қайырымдылық марафоны»  акциясы аясында азық-түлік себеттері түрінде гуманитарлық көмек алды.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жыл «Самұрық-Қазына» Қорында волонтерлік жыл болып жарияланды.

«Біздің міндетіміз-мұқтаж адамдарға көмек  және қолдау көрсету. Іс — шараның мақсаты — қоғамның, әсіресе жастардың саналы ойлауын қалыптастыруға үлес қосу және волонтерлік қызметті жетілдіруге жәрдемдесу», — деді әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникация орталығының жобалық менеджері Ажар Әбдиева

Айта кету керек, SK Volunteer компаниялар тобының волонтерлер лигасы «Волонтер жылында» құрылды және «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының барлық қамқор қызметкерлері мен ел азаматтарын біріктіреді. Қазақстан Республикасының кез-келген азаматы http://volunteer.sknews.kz/ сайтында өтініш беру арқылы волонтер бола алады.

Қор тобында волонтерлік төрт негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады: Qamqor көмек қажет адамдарға қамқорлық жасауды, Umit – қоғамдық волонтерлік, Asylmura – Қазақстан тарихын сақтауға жәрдемдесу, Taza Kazakhstan – табиғатты сақтауға үлес қосу.

Соңғы жаңалықтар