Шымкенттің бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев қала бойынша карантинді 3-17 тамыз аралығына дейін ұзарту туралы қаулыға қол қойды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Қала тұрғындарына кез келген ауқымды іс-шара ұйымдастыруға тыйым салынады. Үйден шыққан кезде тұрғындар үш адамға дейін серуендеу кезінде маска тағу және кемінде екі метр әлеуметтік қашықтықты сақтауға байланысты міндетті талаптарды сақтауы қажет.
Дүкендер мен супермаркеттер жұмыс күндері 09:00-ден 21:00-ге дейін, ал демалыста 10:00-ден 18:00-ге дейін ғана жұмыс істейді.
Қаулының толық мәтінімен мына жерде танысуға болады.