Түркістан облыстық №3 перинаталдық орталығында орта есеппен күніне 25, жылына 10 мыңға жуық ана босанады, деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Тыныс алу жолдарының нашарлауына байланысты жүкті әйелге кесарь тілігімен жедел ота жасалып, нәресте 31 аптада аман-есен туылды. Мерзімінен бұрын босандырғанына қарамастан, ана мен баланың жағдайы қалыпты. Ананың тыныс алуы мен өкпе қабынуы отадан кейін жақсарған. Әйел провизорлық бөлімде протоколға сай ем қабылдауда.
Ал 32 жастағы Муйдинова Мансая екі жақты төменгі бөлікті пневманиямен жансақтау бөліміне түскен. Облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлері жүкті әйелдің жағдайын қатаң бақылау алып, мерзімінен бұрын 32 аптадан асқанда босандырып алады. Тыныс алу жолдарының қабынуы ананың жағдайын қатты қиындатқанымен, нәресте дүниеге аман-есен келеді.
Босанғаннан кейін жас ана емделу үшін провизорлық стационарға жатқызылды. Дәрігерлер тарапынан тиісті шаралардың барлығы да жасалып, ана мен баланың жағдайына сай ем-дом қабылдануда.
Бүгінгі ұрпақ- еліміздің ертеңі. Ана мен баланың жағдайына панадемия кезеңінде аса назар аударып келе жатқан Түркістан облыстық №3 перинаталдық орталығының дәрігерлері әрбір ана мен баланың болашағы үшін күресіп келеді.