#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан облысында 255 Армениялық көлік тіркелді

Бүгінде Түркістан облысында Армения Республикасынан әкелінген 255 көлік құралы есепке алынды.

Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап Үкімет қаулысына сәйкес елде Қазақстан Республикасы азаматтарының атына ҚР аумағына Армениядан 2020 жылғы 1 ақпанға дейін кіргізілген, басқару құрылғысы сол жақта орналасқан көлік құралдарын тіркеу басталған болатын.

«Аталған Армениядан әкелінген көлік құралдарын тіркеу ережелерін түсіндіру мақсатында Түркістан облысы Полиция департаментінде Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында Call-орталығы жұмыс істеуде, бұл жерден тұрғындар көлік құралын тіркеу жайында толық кеңес ала алады. Бүгінде Түркістан облысында Армения Республикасынан әкелінген 255 көлік құралы есепке алынды.

Ал, осы Армениядан әкелген көліктерін басқа біреуге сатып жіберіп, таппай жүрген жағдайда біз көмектесеміз. Яғни ҚР ІІМ деректер базасы арқылы табуға мүмкіндік бар. Ең бастысы тұрғындарға заң аясында көліктерін тіркеп, мемлекеттік нөмір беруге қолдау білдіру», — деп атап өтті полиция полковнигі Алмасхан Тастанбеков.
Облыс тұрғындарына ескертеміз, Армениялық көліктеріңізді тіркеу үшін үш төлем жасалады. Төлемнің жалпы сомасы 11 мың 946 теңгені құрайды.

Осылайша, Түркістан облысында тұрғындарға Армения Республикасынан әкелінген автокөліктерді тіркеп, сары нөмірлер беру бойынша түсіндірме жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар