Абай ауданы аумағындағы Темірлан тас жолы мен Мангелдин көшесі бойындағы кәсіпкерлік нысандарының карантин талаптарын сақтауы бойынша Абай ауданы әкімдігі және аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін бақылау басқармасы бірлесе мониторинг жасады.
Тексеру барысында талапты сақтамаған кәсіпкерлерге ескерту беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Ескерте кетейік, енді карантин талаптарын сақтамағандар жауапкершілікке тартылады. Жеке тұлғаларға 30 АЕК мөлшерінде, ал бизнес субъектілеріне 230 АЕК немесе одан да жоғары мөлшерде айыппұл салынатын болады.