#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкент: Қаратау ауданы аумағындағы қоқыс алаңшалары жаңартылуда

Қаратау ауданы аумағындағы көп қабатты үйлерге арналған қатты тұрмыстық қалдықтарды жинақтайтын 67 қоқыс алаңшасында 224 қоқыс жәшіктері бар.

Қаратау ауданы аумағындағы көп қабатты үйлерге арналған қатты тұрмыстық қалдықтарды жинақтайтын 67 қоқыс алаңшасында 224 қоқыс жәшіктері бар. Аудан аумағындағы қоқыс жәшіктері күніне 2 рет таңертең және кешкі уақытта «Экоспецтранс» ЖШС тарапынан тазалық жұмыстары жүргізіледі.

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов қаладағы барлық қоқыс алаңшалары мен қоқыс жәшіктерін жаңартып, көрікті етіп абаттандыруды тапсырған болатын. Осы орайда, Қаратау аудан әкімі аппараты тарапынан қоқыс шығарушы мекемелер «Экоспецтранс» ЖШС , «Шымкент спецкомплекс» ЖШС және қоқыс қалдықтарын қабылдайтын «Грин лайн» ЖШС мекемелерімен келіссөздер жүргізіліп, қазіргі таңда аталаған мекемелер тарапынан қоқыс алаңшалары мен ондағы жәшіктерді заманауи қала көркіне көрік беретін үлгіде жаңарту жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес атқарылуда.

Соңғы жаңалықтар