#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Барлық базарларда түсіндірме жұмыстары жүргізілуде

Жыл басынан бері әлемді әлекке салып, жүрекке қорқыныш пен үрей ұялатқан covid19 пандемиясына қарсы күрес, алдын алу, жұртшылықты жұқпалы дерттен сақтандыру шаралары Мақтаарал ауданында да бәсеңдеген жоқ.

Жыл басынан бері әлемді әлекке салып, жүрекке қорқыныш пен үрей ұялатқан covid-19 пандемиясына қарсы күрес, алдын алу, жұртшылықты жұқпалы дерттен сақтандыру шаралары Мақтаарал ауданында да бәсеңдеген жоқ. Өйткені, дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы пандемия деп жарияланған індет мақталы өлкеге де табан тіреді. Індеттің елімізге тигізген әсері аз емес. Республикалық, облыстық, аудандық дейгейде сақтық шаралары пысықталып, қарқынды жұмыстар атқарылуда. Өзге өңірлер секілді Мақтаарал ауданында да қауіптің беті әлі қайтқан жоқ.

Осыған орай аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлері мен ауданның ерікті жастары, округ әкімдері мен олардың орынбасарлары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері аудан аумағында орналасқан барлық базарлар мен сауда қатарларында, адамдар көп шоғырлатын жерлерде сovid-19 дертіне қарсы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Тиісті сала мамандары сауда орындарындағы әрбір сатушы мен алушыға індеттің алдын алу, сақтану, жұқтырған жағдайда білінетін алғашқы белгілері мен немқұрайлылық жағдайында орын алатын өкінішті жағдайлар жайында жеке-жеке түсіндіріп, көрнекі жерлерге хабарламалар мен ескертулер жазылған парақшаларды ілді. COVID-19 індетінің таралуының әлі де өрши түсуін айтқан мамандар тұрғындарды барынша санитарлық талаптарды орындап аса қажеттілік туындамаған жағдайда үйден шықпауларын ескертеді.

Соңғы жаңалықтар