#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкент: Дәрі-дәрмек мәселесі шешімін табуда

Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, эпидемиологиялық жағдайға қарсы іс-шаралар ауқымды түрде жүргізілуде.

Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, эпидемиологиялық жағдайға қарсы іс-шаралар ауқымды түрде жүргізілуде.

Қазір қала әкімдігі бірыңғай дистрибьютормен бұрынғы 1 миллиард 800 миллион теңгеге жасалған келісімге қосымша тағы 207,1 миллионға өтінім берді.
Соның арқасында бүгінде дәріханалар мен емдеу мекемелеріне қосымша 70 миллион теңгенің дәрі-дәрмегі жеткізілді. Алдағы уақытта тағы да қажетті дәрілермен қамтылады. Ол үшін 852 түрлі дәрілік зат пен медициналық бұйымға тағы өтінім берілген.

Сонымен қатар емделушілер үшін 1 200 провизорлы төсек орын мен 51 мекемедегі күндізгі статционарда 628 төсек орын әзірленді. Бүгін-ертең олардың қатары тағыда артатын болады. Қазір осы қосымша төсек-орындар ашу мақсатында жұмыстар жүргізілуде.

Сондай-ақ әкімдік жеке меншік клиникалармен келіссөздер жүргізіп, 25 жеке клиникада карантинге қарамастан өздерінде тіркелген пациенттерге МӘМС жүйесінің аясында медициналық көмек көрсететін болды.

Соңғы жаңалықтар