#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан: «Balalarmen_birge» байқауы мәресіне жетті

2020 жылғы 24 сәуір-14 мамыр аралығында Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы үйде отырған ата-аналар арасында ерекше байқау жариялаған еді.

2020 жылғы 24 сәуір-14 мамыр аралығында Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы үйде отырған ата-аналар арасында ерекше байқау жариялаған еді.

Бұл байқау – пандемия кезінде үйде отырған ұл-қыздарымыздың уақытын тиімді пайдаланып, салауатты өмір салтын ұстануға үндеуге, олардың тәрбиесіне көп көңіл бөлуге шақыру үшін ұйымдастырылды.

Онлайн байқауға қызығушылық танытып, қатысқан азаматтар саны 40-тан асты.

Байқау шартына сәйкес, барлық видеоматериалдарды сараптаған әділқазылар алқасы шешім шығарып, жеңімпаздарды анықтады.

«Balalarmen_birge» әлеуметтік желі белсенділерінің арасында өткен онлайн байқауында талантымен танылып, ерекше көзге түскен азаматтар тізімі:
БАС ЖҮЛДЕ — «Тәтті бауырлар» тобы (Бассейн INTEX)
І ОРЫН — БАҚДӘУЛЕТ АҢСАРБЕКҰЛЫ (Велосипед)
ІІ ОРЫН — ЖАНАЙЫМ ЖАНАСЫЛҚЫЗЫ (Ролик)
ІІІ ОРЫН — ИНДИРА СЕЙДУЛЛАҚЫЗЫ (Ролик) жеңімпаз атанды.

Сонымен қатар, ынталандыру сыйлығымен
АМАНГЕЛДІ атындағы ЖОМ ОҚУШЫЛАРЫ (Телевизор)
МЕРУЕРТ МУСЛИМХАНҚЫЗЫ (Ролик)
ГҮЛЗАТ МҰХТАРҚЫЗЫ (Ролик) марапатталады.

Барлық қатысушы азаматтарға алғыс білдіре отырып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және арнайы дипломмен марапатталғанын хабарлаймыз.

Соңғы жаңалықтар