#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкент: Бес күнде 3318 түлек ҰБТ тапсырды

Шымкентте биыл 8 885 түлек мектепті бітірген болса, соның 6 840-ы ҰБТ-ға қатысуға ниет білдірген.

Шымкентте биыл 8 885 түлек мектепті бітірген болса, соның 6 840-ы ҰБТ-ға қатысуға ниет білдірген.

21 маусымда басталған ұлттық бірыңғай тестті түлектер М.Әуезов атындағы ОҚМУ, ОҚМПУ және «Silk Way» университеттерінің базасында тапсырып жатыр.

Айта кету қажет, 5 күнде 3 577 түлек ҰБТ тапсыруға өтініш білдірген болса, оның 3 318-і тест тапсырған. 95 түлек келмей қалған. Кей оқушылар тест тапсырудан өз еркімен бастартса, енді бірі денсаулық жағдайына байланысты келе алмаған. Бұдан өзге, тыйым салынған заттарды алып өтпек болған 124 түлек тестілеуге кіргізілмеген. Ал ҰБТ кезінде тыйым салынған затты пайдаланғаны үшін 40 түлек тестілеуден шеттетіліп отыр.

Қазіргі таңда әрбір түлек өзінің жиған балын ЖСН арқылы жеке қарау мүмкіндігіне ие. ҰБТ өткізу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы, жедел медициналық көмек көрсету сапасы қатаң бақылауға алынған. Санитарлық нормалар мен талаптар сақталған.

Соңғы жаңалықтар