#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Мақтаарал: Болат Назарбаев қорының 20 үйі тамыз айында тапсырылады

Мырзакенттегі жаңа шағынауданда Мақтааралдағы су тасқынынан зардап шеккендерге арналған 20 үйдің құрылысы қарқынды жүруде.

Мырзакенттегі жаңа шағынауданда Мақтааралдағы су тасқынынан зардап шеккендерге арналған 20 үйдің құрылысы қарқынды жүруде. Сегіз нысанның іргетасы құйылып, дуалдары қалануда. Ағымдағы жылдың тамыз айында 20 үйдің құрылысы аяқталады деп жоспарлануда.

Жаңа үйлердің құрылысы меценат Болат Назарбаев негізін қалаған «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорының қаржысына салынып жатыр.

«Мырзакенттегі құрылыс жұмыстарын жергілікті «Жетісай-Құрылыс» пен «Тіней-құрылыс» компаниялары жүргізуде. Осылайша аудандағы құрылысшыларға демеу болып, уақытша жұмыс орындарымен қамтып отырмыз. Қазіргі басты мақсатымыз — салынып жатқан үйлерді уақытында аяқтау. Жекеменшік үйлердің алғашқы кілттерін тамыз айының басында тапсыруды көздеп отырмыз.» — «Салиқалы ұрпақ» қорының ресми өкілі Нұрлан Байымбетов.

Төрт бөлмелі үйлер жалпы ауқымы 100 шаршы метр үлгілік жобасымен салынып жатыр. Тұрғызылып жатқан үйлер жаңа шағын ауданның екі көшесінің бойында орналасқан. Жиырма үйді тұрғызу жұмыстарына меценат 200 млн. теңгеге жуық қаражат бөлген.

Мырзакенттегі жаңа шағын ауданда Мақтааралдағы су тасқынынан зардап шеккендерге арналған 20 үйдің құрылысы аяқталуға жақын. 8 ғимараттың іргетасы құйылды. Жалпы алғанда 20 үйдің құрылысы тамыз айында аяқталып, тұрғындар қоныс тойын жасай алады. Жаңа үйлердің құрылысы бизнесмен әрі меценат Болат Назарбаев негізін қалаған «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорының қаржысына салынып жатыр.

«Мырзакенттегі құрылыс жұмыстарын жергілікті «Жетісай-Құрылыс» пен «Тіней-құрылыс» компаниялары жүргізуде. Осылайша аудандағы құрылысшыларға демеу болып, уақытша жұмыс орындарымен қамтып отырмыз. Қазіргі басты мақсатымыз – салынып жатқан үйлерді уақытында аяқтап үлгеру. Жеке меншік үйлердің алғашқы кілттерін тамыз айының басында тапсыруды жоспарлап отырмыз.» – «Салиқалы ұрпақ» қорының ресми өкілі Нұрлан Байымбетов.

4 бөлмелі үйлер жалпы ауқымы 100 шаршы метр үлгілік жобасымен салынып жатыр. Тұрғызылып жатқан үйлер жаңа шағын ауданның екі көшесінің бойында орналасқан. 20 үйді тұрғызу жұмыстарына меценат Болат Назарбаев 200 млн. теңгеге жуық қаражат бөлді.

Соңғы жаңалықтар