Бүгін Шымкент қаласының 90 тұрғынына жаңа пәтердің кілті табысталды. Пәтерге қол жеткізгендердің қатарында ҰОС ардагері Халил Ергешов та бар. Қала әкімі Мұрат Әйтенов қуаныш иелерін карантин режиміне байланысты онлайн құттықтады.
«Ұлы Отан соғысында бейбіт заман үшін барын берген Сіздей батырдың бүгін қоныс тойын тойлайтынына қуаныштымын. Өзіңізді шын жүректен құттықтаймын! Өкінішке орай, әлемді жайлаған аты жаман індет басылмай тұр. Сол себепті, сақтық шараларын сақтау үшін сізді онлайн құттықтауға тура келді»,- деді қала басшысы.
Қала күні қарсаңында баспаналы болғандар қатарында 65 көпбалалы отбасы, әлеуметтік аз қамтылған 24 отбасы бар. Жалпы жыл соңына дейін тағы 1 144 пәтер беріледі деп жоспарланып отыр. Оның 300-і жастарға, 450 пәтер көпбалалы отбасыға, 192-сі әлеуметтік аз қамтылған отбасыға беріледі.
Редакция таңдауы
Шымкент: Қала күнінде тұрғын үй кезегінде тұрған 90 азамат баспаналы болды
Бүгін Шымкент қаласының 90 тұрғынына жаңа пәтердің кілті табысталды.