#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан қаласында полицейлер 400-ден астам әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады

Түркістан қаласы аумағында жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Түркістан облысында криминогендік жағдайды жақсарту, түрлі санаттағы қылмыстардың алдын алу, қоғамдық құқықтық тәртіпті қорғау және жол қауіпсіздігін бақылауға байланысты полиция қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында Түркістан қаласы аумағында жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Рейдтік іс-шараларға 70-тен астам түрлі полиция қызметтерінің қызметкерлері, яғни учаскелік инспекторлар, ювеналдық полиция, криминалдық және әкімшілік полиция қызметкерлері, көші-қон және жергілікті полиция қызметі мен еріктілер қатысты.

Іс-шара барысында адамдар көп жиналатын орындарды, орталық көшелер мен облыс орталығының алаңдарын патрульдеу жүзеге асырылды. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары тұрғындармен коронавирус індетінің таралуына байланысты құқықбұзушылыққа жол бермеу және карантиндік шараларды сақтауға бағытталған профилактикалық әңгімелер жүргізді.

Рейдтік іс-шаралар кезінде полицейлер 400-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде бесеуі қоғамдық орындарда спирттік ішімдік ішу, алтауы кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үйінен тыс жерлерде заңды өкілінсіз жүруі.

Әкімшілік құқық бұзушылықтардың негізгі бөлігі жол қауіпсіздігі бойынша орын алды, атап айтқанда 357-сі жол қозғалысы ережелерін бұзу бойынша тіркелді. Полиция қызметкерлерімен айыптұрағына 23 автокөлік жіберілді, ал жүргізушілерге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сонымен қатар, «нөлдік төзімділік» бағыты бойынша тәртіп сақшылары 33 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Полицейлер атап өткендей, осындай іс-шаралардың ең маңызды міндеті — көшелер мен көп адам шоғырланатын орындарда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету болып табылады. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын таба бермек.

Соңғы жаңалықтар