Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі мен жергілікті полиция қызметі инспекторлары және Мақтаарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ біргелікте бекіткен іс-шара жоспарына сәйкес түнгі рейдтік шаралары жүргізілуде. Кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу, түнгі уақыттарда ата-анасынсыз үй-жайынан тыс жерлерде – компьютерлік ойынханалар мен мейрамханаларда болуларына тыйым салу, бала тәрбиесіне немқұрайлылық танытатын ата-аналарды анықтап, тиісті шаралар көру, карантиндік режим уақытында қауіпсіздік және санитарлық талаптарды сақтауға дағдыландыру мақсатында ұйымдастырылған шараға аудандық полиция бөлімі жеке құрамы инспекторлары қатысты. Арнайы ұйымдастырылған профилактика барысында жеке кәсіпкерлерге түнгі 22:00-ден кейін кәмелетке толмаған жасөспірімдерді заңды өкілдерінсіз кіргізбеу, оларға мүлдем темекі бұйымдары мен спиртті ішімдіктерді сатуға болмайтындығы жайында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілген түнгі рейдтік шара барысында үй-жайынан тыс жерде заңды өкілдерінсіз жүрген жастарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.