#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан облысының дәрігерлері COVID-19 инфекциясын жұқтырған нәрестені емдеп шығарды

10 айлық нәресте Жетісай ауданынан «Облыстық фтизиопульмонология орталығына» туберкулез ауруынан емделуге жатқызылған.

10 айлық нәресте Жетісай ауданынан «Облыстық фтизиопульмонология орталығына» туберкулез ауруынан емделуге жатқызылған. Тексеру барысында баладан COVID-19 инфекциясы анықталған. Сәби бірден Леңгір қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізіліп, екі апта бойы ем қабылдайды. Білікті дәрігерлердің коронавирус індетін шұғыл түрде анықтап, дер кезінде емдік шара көрсетуінің арқасында науқас сәбидің өміріне еш қауіп жоқ.

Өйткені өкпенің 2 бірдей қауіпті дертпен зақымдалғаны бала өміріне үлкен қауіп төндірді, дейді дәрігерлер. Сәбидің науқас азаматпен қарым-қатынаста болғаны белгілі. Қазір ол COVID-19 инфекциясынан емін толығымен аяқтап, талдамасының «теріс» болуына байланысты «облыстық фтизиопульмонология орталығында» туберкулезге қарсы емін жалғастыруда.

«Өкпе ауруына ұшыраған азаматтар онсыз да әлсіз келеді. Науқастарды барынша Сovid-19 инфекциясынан қорғауға тырысамыз. Барлық сақтық шаралары қамтамасыз етілген. Ауруханада  тіпті коронавирусты ерте анықтау мақсатында арнайы вирусологиялық зертхана қызмет көрсетеді. Зертхана соңғы үлгідегі аппараттармен жабдықталған. Мамандарымыз оны жақсы меңгеріп, халыққа көрсетілетін  медициналық қызмет сапасын арттыруға өз үлестерін қосуда»,-дейді «Облыстық фтизиопульмонология орталығының» бас дәрігері Болатхан Сағымбеков.

Мәліметке сүйенсек, Түркістан облысында бүгінгі күнге дейін коронавирус індетін 1 жасқа дейінгі 10 бала жұқтырған. Олардың сегізі жазылып шықты. Екеуі инфекциялық госпитальдарда ем қабылдауда. Жалпы, өңірде  коронавирустық инфекцияның расталған 400 жағдайы тіркелген. Дәрігерлердің арқасында 257 науқас дертінен жазылып отбасына оралды.

Соңғы жаңалықтар